2024 жылы ұйым жаңа пандемия жоспарлап отыр екен. Видеоның өзінде келесі жылдан бастап ДДСҰ қатысушы елдердің үкіметтерінің орнына шешім қабылдау құқығына ие болады және оларды өз егемендіктерінің бір бөлігінен бас тартуға мәжбүр етеді делінген. Ресми stopfake.kz мұны жоққа шығарды. Видеода қазіргі уақытта Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен қатысушы елдер әзірлеп жатқан пандемиялық келісім туралы айтылады. Бұл құжатта денсаулық сақтау саласындағы кез келген төтенше жағдайға арналған іс-қимыл нормалары мен алгоритмдері жазылмақ. Мысалы, келісімге вакциналарды, дәрі-дәрмектерді және медициналық материалдарды тең бөлу тетіктерін енгізу жоспарлануда.
Желіде осы келісімнің алдын ала нұсқасын көруге болады. Онда 2024 жылы жаңа пандемия туралы немесе ДДСҰ қатысушы елдерден егемендіктен бас тартуды талап ететіні туралы ештеңе жазылмаған.
Ұйымның сайтында келісімнің қорытынды нұсқасын қатысушы елдердің өздері әзірлейтіні атап көрсетілген. Олардың әрқайсысы құжатқа өз тармақтарын енгізуді немесе оны орынсыз деп санап, алып тастауды ұсына алады.
Келісім қабылданғаннан кейін де, қатысушы елдер оны ұстанбау құқығын сақтап қалады.
Келісімнің қорытынды нұсқасын 2024 жылдың мамыр айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында қабылдау жоспарлануда.
Келісімнің соңғы нұсқасы қандай болатыны, ол қабылдана ма, жоқ па, снда ғана белгілі болады.
Ал 2024 жылға «жоспарланған» жаңа пандемия және елдердің егемендігінен айыру туралы мәлімдемелер ағылшын тілді фактчекерлер бірнеше рет жоққа шығарған қастандық теориялары болып табылады.