RSS лента

Көшеде ауру адамдарды жинайтын көлік шыққаны рас па?

  • 25.06.2023, 20:45,
  • 510
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілерде Қытайда көшелерден мәйіттерді жинауға арналған арнайы машиналар сынала бастағаны туралы жазуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мұндай құрылғылар келесі жасанды пандемия кезінде қажет болады екен. Алайда, stopfake.kz порталы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

 

Хабарламамен бірге пайдаланушылар еденде жатқан манекенді көтеріп жатқан арнайы машинаның жұмысы көрсетілген видеомен бөлісуде.

 

Суретті кері іздеуге арналған құралдардың көмегімен видеодағы машинаны табуға болады. Бұл 2014 жылы таныстырылған жапондық жоба.

 

Бұл жер сілкінісі, өрт немесе басқа да апаттар кезінде жараланған адамдарды үйінділердің астынан іздеу және шығару үшін қажет құтқарушы робот. Мұндай роботтар құтқарушы адамдар зардап шеккендерге жете алмағанда, қираулардың құлау қаупі, қалың түтін немесе өмірге қауіп төнген жағдайда тиімді.

 

Жақын арада әлемде жаңа, қолдан жасалған пандемия басталатыны дәлелсіз.

 

Демек, таралған видеоға сенбеген жөн. Онда көшелерден ауру адамдардың мәйіттерін жинауға арналған машина емес, құтқарушы робот көрсетілген.

 

Оставить комментарий
Последние новости