RSS лента

Маймыл шешегінен қорғайтын маска шыққан ба?

  • 13.06.2022, 11:15,
  • 628
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Stopfake.kz

Қазнетте қорғаныш маскалары қойылған витринаның суреті тарады. Олардың кейбіреулері маймыл бейнеленген қораптармен сатылады. Пайдаланушылардың айтуынша, бұл маймыл шешегінен қорғайтын арнайы маскалар. Сондай-ақ жақын арада бұл маскаларды бәрі де сатып алуға міндетті болады деген пікірлер жазылды. Бұл жалған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі "Stopfake.kz" сілтеме жасап.

Суретте көрсетілген медициналық маскалар тек маймыл шешек ауруынан ғана қорғайтындай арнайы немесе ерекше емес. Бұл өте қарапайым FFP2 маскалары, ал түрлі түсті суреті бар қораптағы бетперделер балаларға арналған.

 

Маймыл шешек ауруының таралуына байланысты адамдарды қоғамдық орындарда қайтадан маскамен жүруге міндеттейді деген пікірлер негізсіз. Маймыл шешек вирусы ауа тамшы жолларымен ұзақ және жақын байланыс болғанда ғана беріледі. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ұсыныстарында басқа отбасы мүшелері жанында болған кезде маймыл шешек ауруын жұқтырғандар маска тағуы керек делінген. Маймыл шешекпен ауырмаған адамдар ұдайы жанында белгілі бір себептермен немесе маска тақпайтын науқас адам болса ғана бетпердемен жүруі керек.

 

Демек, маймыл шешек ауруынан қорғайтын арнайы маскалар сатылады деген ақпарат -фейк.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости