RSS лента

«Титан» су астындағы кемесін іздеу жұмыстары жалғасуда

  • 22.06.2023, 17:34,
  • 512
  • 0
  • Автор:
Автор фото: cbc.ca

Атлант мұхиты суларында 1912 жылы суға кеткен аты аңызға айналған Титаник лайнерінің қирандыларына барған Титанды іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Turantimes.kz 

Экспедиция 16 маусымда Сент-Джонстан (Ньюфаундленд) басталды. Экипажбен байланыс 18 маусымда су асты сүңгуі басталғаннан кейін 1 сағат 45 минуттан кейін үзілді.


20 000 км²-ден астам аумақта жүргізіліп жатқан ауқымды құтқару операциясына АҚШ, Канада және Францияның әскери және коммерциялық ұшақтары, кемелері және жоғары технологиялық су асты жабдықтары қатысуда.


Алдыңғы болжамдарға сәйкес, сүңгуір қайықтың бортындағы оттегінің 4 төрт күндік қоры санаулы сағатта, нақтырақ айтқанда Орталық Еуропа уақытымен 13:08-де аяқталады делінген. Бірақ соңғы мәліметтерге сәйкес, оттегі қазіргі уақытта таусылып үлгеруі мүмкін.  


Батискаф бортында 5 адам: ұшқыш, британдық миллиардер Хамиш Хардинг, OceanGate операторының негізін қалаушы Стоктон Раш, француз кәсіби акванавты Пол-Анри Нарголет, пәкістандық кәсіпкер Шахзада Дауд және оның 19 жасар студент ұлы Сүлейман.


Айта кетері, OceanGate компаниясы 10 жылдан астам уақыт бойы Атлант мұхиты суларында батискафпен сүңгуді ұйымдастырып келеді. Алғашында ғалымдар мен мұхит тереңдігін зерттеушілер клиент болған компания 2021 жылдан бастап туристік экспедициялар ұйымдастыруды бастады. Мұндай сапардың құны 1 адамға 250 000 долларды құрайды.


Бір қызығы, New York Times газетінің мәліметінше, OceanGate компаниясының басшысы Стоктон Раштың әйелі Венди Раш 1912 жылы апатқа ұшыраған «Титаник» лайнерінің жолаушылары, американдық ең ірі Macy's әмбебап дүкендер желісінің тең иесі Исидор Страус пен оның әйелі Иданың шөбересі. Ерлі-зайыптылар Титаниктегі ең бай жолаушылардың бірі болған деген болжам бар.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости