RSS лента

2025 жылғы 4 шілдеде не болады?

Автор фото: mykaleidoscope.ru

Әлеуметтік желілерде 2025 жылғы 4 шілдеде БҰҰ директивасы қабылданады, оған сәйкес елдерге атаулардың орнына нөмірлер беріледі, бүкіл әлемді БҰҰ басқарады, жекелеген үкіметтер жойылады, сот жүйесі өзгереді және наразылық білдірген жағдайда ядролық қару қолданылады екен, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Мұның бәрі ойдан шығарылған.

 


Әлемдік тәртіптегі түбегейлі өзгерістер БҰҰ директивасында 001 нөмірімен сипатталған. Ол 2025 жылдың 4 шілдесінде күшіне енуі керек.

 

Алайда, ұйымның ресми сайтында мұндай нөмірдегі және мазмұндағы құжат жоқ.

 

Ал хабарламада аталған БҰҰ-ның №001 директивасын желіден табуға болады. Ол қандай да бір ресми ресурста емес, Америкаға жаппай қырып-жою қаруымен шабуыл жасау туралы фантастикалық кітапты жарнамалайтын ескі веб-порталда жарияланған.

 

Сырттай №001 директивасының ресми сайтта жарияланған БҰҰ-ның нақты директиваларына ұқсамайды. Түпнұсқа құжаттардың басты бетінде ұйымның толық атауы, логотипі, күні жазылады. Сонымен қатар, бұл директивалар нақты құрылымдалған және ондаған беттен тұрады. Ал белгісіз жарнамалық сайтта орналастырылған директива авторы, жарияланған күні, қандай да бір логотип пен нақты құрылымы жоқ жай құжат.

 

Барлық елдердің егемендігінің жойылуына, сот жүйесінің өзгеруіне және адамдарды негізгі құқықтарынан айыруға әкеп соғатын жаңа әлемдік тәртіп туралы теория – бұл бірнеше рет жоққа шығарылған ескі конспирологиялық теория. 

 

Демек, таралған ақпарат фейк және конспирология. БҰҰ-ның № 001 директивасы – бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына ешқандай қатысы жоқ жалған құжат.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости