RSS лента

2050 жылға қарай адамдарды жаппай қырып тастай ма?

  • 04.05.2023, 18:41,
  • 560
  • 0
  • Автор:
Автор фото: www.prnewswire.co.uk

Instagram-да тараған жоспарға сәйкес, 2050 жылға қарай кем дегенде 4 миллиард «пайдасыз жандар» жойылуы керек және кәрі және ауру адамдардың барлығы эвтанизиялауға жатады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазнетте үзіндісі тараған кітап «Қастандық жасаушылар иерархиясы: Комитет 300 тарихы» деп аталады. Оның авторы – конспиролог Джон Коулман. Stopfake.kz сайты анықтағандай, кітапта аталған Комитет 300 – бұл планетаның ең беделді адамдары кірген ойдан шығарылған қауымдастық. Мұндай комитеттің болуы туралы идея 1920 жылдары шыққан, кейіннен өзгертіліп, оған жаңа мәліметтер қосылды. Алайда, ол қалай өзгерсе де, оның шынайылығына дәлеллер табылмады.

 

Жер халқының санын мәжбүрлі түрде азайту туралы идеялар конспирологтар арасында да танымал. Мысалы, Билл Гейтс, Джон Рокфеллер және басқа да беделді адамдар депопуляция жоспарларын құрған деп хабарланды. Біз бұл хабарламалардың шындыққа жанаспайтыны туралы жазған болатынбыз.

 

Сондай-ақ, кітаптың бетіндегі барлық науқастар мен қарттарды эвтаназиялау туралы жазылған абзац көрініп тұр. Егде жастағы адамдарды эвтанизиялауды француз саяси қайраткері Жак Аттали ұсынған. Алайда, бұл жалған.

 

Қорыта айтқанда, таралған хабарлама – өтірік және манипуляция. Суретте өз идеяларын дәлелдемеген белгілі конспирологтың кітабының бір беті көрсетілген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости