RSS лента

Эрдоган ҚР ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаевты марапаттады

  • 26.04.2023, 10:38,
  • 328
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: ҚР ТЖ министрлігі

25 сәуірде Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоган жер сілкісіні салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін бірқатар ел өкілдерін марапаттады, деп хабарлайды Turantimes.kz ҚР ТЖ министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.   

25 сәуірде Түрік Республикасының Анкара қаласында төтенше ведомстволарының өкілдері марапатталды.


80-нен астам елдің өкілдері арасында Қазақстаннан ТЖ бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев қатысты, ол жер сілкісіні салдарын жоюға көмек көрсеткені үшін медальмен наградталды. Мемлекеттік награданы Түрік Республикасының Президенті Реджеп Тайип Эрдоган табыс етті.



Оставить комментарий
Последние новости