RSS лента

Instagram-ға 405 млн еуро айыппұл салынды

  • 09.09.2022, 19:20,
  • 415
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Ирландиялық реттеушілер екі жылдық тергеуден кейін META компаниясына тиеслі Instagram әлеуметтік желісіне балалардың жеке ақпараттарды жариялағаны үшін 405 млн еуро көлемінде айыппұл салды деп хабарлайды The Guardian басылымы, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ирландиялық Ақпараттарды қорғау комиссиясының дерегінше, аталмыш желі 13 пен 17 жас аралығындағы балаларға бизнес парақша ашуға рұқсат берген. Ал, сәйкесінше мұндай парақшалардың иелері телефон нөмірі мен электронды почтасын ашық көрсетуі тиіс. Одан бөлек, кәмелет жасқа толмағандар желіге тіркелгенде олардың парақшалары барлығына қолжетімді болған.


Ирландия салған айыппұл META компаниясы үшін ең қомақты айыппұлдардың бірі. Оған бұған дейін 225 млн еуро көлемінде, кейін наурыз айында 17 млн еуро айыппұл салынған болатын.


META компаниясы аталған баптаулар бір жыл бұрын өзгертілгенін айтады. Одан бері жасөспірімдер мен олардың деректерін қорғау үшін көптеген жаңа баптаулар енгізілді, дейді компания өкілдері. Қазір 18 жасқа дейінгі қолданушылардың парақшасы жабық тұрады. Сондықтан компания салынған айыппұлға қарсылықтарын білдірмек.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости