RSS лента

Балаларына ашуланып, қаладағы интернетті өшіріп тастады

  • 21.02.2022, 03:21,
  • 722
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Сабақ оқудың орнына әлеуметтік желіде отырған балаларын жазалайын деген ер адам бүкіл қаладағы Интернетті өшіріп алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Оқиға Францияның оңтүстігіндегі Мессанж қаласында болған.


БАҚ мәліметінше, ер адам балалары сабақ оқымай, үй жұмысын істемей жатқанына ашуланған. Ол үйіндегі Интернетті өшіру үшін арнайы құрал сатып алған. Алайда ол құрал тек үйіндегі емес, бүкіл қаладағы Интернетті өшіріп тастаған.


Тұрғындар шағымдана бастағаннан кейін мамандар Интернет неліктен бұғатталғанын тексере бастаған. Франция заңы бойынша ер адам орнатқан құрылғыларға тыйым салынған. Сондықтан ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол алты айға қамауға алынып, 30 мың еуро (шамамен 34 мың АҚШ доллары) айыппұл төлеуі мүмкін.
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости