RSS лента

Жаңа жылдың сүйінші жаңалығы белгілі болды!

  • 18.12.2021, 04:08,
  • 3 850
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Пандемияның қашан аяқталатыны белгілі болғанға ұқсайды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ұлыбританияда соңғы тәулікте 78 610 жаңа жағдай тіркелді. Бұл пандемия басталғалы ең жоғары көрсеткіш екен. Англияның бас сандәрігері Крис Уитти бұл көрсеткіш жуырда төмендейтінін айтты.


"Егер сіздің жасыңыз 18-ден асқан болса және екпені кем дегенде үш ай бұрын алсаңыз қазіргі уақытта вакцинаның бустерлік дозасын ала аласыз. Омикрон штаммының бүкіл елде таралып жатқандықтан міндетті түрде вакцина салдыру қажет. Өткен тәулікте 78 мыңнан астам жағдай тіркелді. Бұл ең жоғарғы көрсетікіш" дейді Англияның премьер-министрі Борис Джонсон.


Euronews агенттігінің мәлімдеуінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылы пандемия аяқталады деп болжауда. 


"Пандемияны тоқтату біздің қолымыздан келеді. Бізде асқынған аурудың бетін қайтару үшін бәрі бар. Жағдайы ауыр науқастар мен өлім санын қысқарта аламыз" деді аталған ұйым өкілі Мария ван Керкхове.


Ал, Еуропада, атап айтсақ, Германия, Хорватия, Грекия, Венгрия және Испанияда 5-11 жастағы балаларды вакцинациялау басталып кетті. Осы орайда, Хорватия астанасы Загребте балаларды егуге жүздеген ата-ана қарсылық білдіруде.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости