Оның айтуынша, Тринидад қаласындағы немере ағасының танысы екпе салдырып, біраз уақыттан кейін жыныстық дисфункцияға ұшыраған. Осыған орай жігіт үйлену тойын кейінге қалдыруға мәжбүр болған, дейді орындаушы. Мұның бәрі фейк.
Вакциналар репродуктивті жүйе ауруларын тудыруы мүмкін екендігі туралы хабарламаны Никки Минаж өзінің Twitter-дегі парақшасында 14 қыркүйекте MetGala ірі қайырымдылық шарасы қарсаңында жариялаған, оған тек егілген адамдардың ғана кіруіне рұқсат етілген болатын. Ол «қауіпті» вакцинаны алғысы келмейтіндіктен іс-шараға қатыспайтынын айтқан.
Бұл мәлімдемеден кейін Тринидад пен Тобаго Денсаулық сақтау министрлігі ауқымды тексеруді бастады.
«Біз Тринидадта да, әлемде де жыныстық дисфункцияға қатысты жанама әсерлер немесе жағымсыз реакциялар әлемнің кез келген жеріндегідей тіркелмеген деп айта аламыз», – деді Тринидад Денсаулық сақтау министрі Терренс Дейлсингх.
Әзілкеш Джимми Киммел Никки Минаждың вакцинацияның ауыр жанама әсеріне тап болған танысының бар-жоғын тексермек болған. Ол шоу барысында Никкиді, немере ағасы мен оның досын студияға қуана шақыратынын айтты. Сондай-ақ, Джим шоу командасы ол ісінің іздегенін, бірақ таппағанын хабарлады.
Кейіннен әнші Джимми Киммел қомақты мөлшерде ақша төлесе студияға вакцинадан зардап шеккен танысымен бірге келетінін жеткізді.
Сондай-ақ, орындаушы өз аудиториясымен вакцинация туралы сөйлесу үшін Ақ үйге шақырылғанымен бөлісті.
Алайда, Ақ үй өкілі Джен Псаки бұл ақпаратты жоққа шығарып, әншіге вакцинация науқанына қатысты барлық сұрақтарға жауап бере алатын дәрігерлердің бірімен телефон арқылы сөйлесу ұсынылғанын айтты.
Жоғарыда айтылғанның нәтижесінде, Никки Минаждың мәлімдемесі расталмады деп айтуға болады. Екпеден кейін жыныстық дисфункцияға ұшыраған әншінің досы тұратын Тринидад Денсаулық сақтау министрлігі ресми түрде мұндай шағымдар тіркелмегенін хабарлады. Жәбірленушінің өзі табылған жоқ.
Айта кетейік, вакцинация мен репродуктивті жүйе аурулары арасындағы байланыс бұған дейін бірнеше рет теріске шығарылған болатын. Иммундауға арналған препараттар бедеулікке немесе жыныстық дисфункцияға әкелмейтінін дәлелдейтін ғылыми зерттеулер бар.