RSS лента

Табиғи апаттан 155 адам қайтыс болды...

  • 19.07.2021, 15:57,
  • 515
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Германия канцлері Ангела Меркель Рейнланд-Пфальц аймағының су тасқынынан зардап шеккен Шульд елдімекеніне табан тіреді. Ол жергілікті халықпен кездесіп, құтқарушылар мен еріктілерге ерекше алғыс білдірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Дегенмен елдің батысында іздестіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жүздеген адам – жоғалғандар санатында.

 

«Мұнда Рейнланд-Пфальц премьер-министрімен бірге бекер келмедім. Біз күтпеген жағдайға толық қаныққымыз келді. Өте ауыр екеніне көз жеткіздік. Тіпті, неміс тілінде мұндай қиындықты бейнелейтін сөз жоқ десем де болады» деді канцлер.

 

Қазіргі уақытта аумақта үйінділерді жинастыру жұмыстары атқарылуда. Халықтың көп бөлігі әлі де жарықсыз, газсыз және ұялы байланыссыз отыр.

 

Ангела Меркель жергілікті тұрғындарға мемлекеттен ақша бөлінетінін және қирап қалған инфрақұрылымды қайта қалпына келтіру үшін күнімен-түнімен қызмет етуге дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ, ол климаттық өзгеріске де көңіл аударып, онымен күресе беретінін мәлімдеді.

 

Батыс Германияда нөсер жауын апта бойы толастамай, демалыс күндері ғана сәл саябырсыды. Бірақ тоқтады деуге келмейді. Сол себепті, Рейн өзеніне орнатылған су қоймаларының қирау қаупі сақталып отыр. Сонымен қатар, Мозель, Саар, және Рур өзендеріндегі гидроэлектрстансалардың істен шыққаны мәлім болды.

 

Қазір осы аумақта табиғаттың тосын мінезінен 155 адамның қайтыс болғаны ресми айтылып жатыр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости