RSS лента

Шай коронавирусты емдейтіні қаншалықты рас?

  • 24.06.2021, 04:01,
  • 470
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

What ‘ sApp мессенджерінде қарапайым шай COVID-19 тез емдей алатындығы туралы хабар тарады. Бұл туралы CNN телеарнасы Уханьда жаңа вирусты жұқтыру жағдайлары туралы бірінші болып хабарлаған қытай дәрігеріне сілтеме жасап хабарлаған екен. Бұл – жалған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.


 

CNN ресми сайтында да, олардың Twitter-дегі аккаунтында да шайдың COVID-19 емдеу қасиеті туралы жаңалықтар жоқ.


Порталда доктор Ли Вэньлянға арналған материал бар. Алайда, мәтінде оның Уханьдағы балық базарына келушілер арасында ауыру жағдайларын бірінші болып байқағаны, бірақ полиция «қауесеттер» таратуды тоқтатуға мәжбүрлегені туралы айтылған. Сондай-ақ, мақалада кейіннен дәрігердің өзі де COVID-19 жұқтырғаны жазылған.


Дәрігердің шайдың ауруды емдеу қасиеті бар деген қорытындыға келгені туралы мақалада ештеңе айтылмаған.


Вэньлян осы жарияланымнан кейін індеттен қайтыс болды. Сондықтан, оның бөлісіп үлгермеген құпиясы болған деп болжауға негіз жоқ.


Көк және қара шайдың вирусқа қарсы қасиеттері бойынша зерттеулер жүргізілді. Алайда, сусынның аурумен күресте пайдасы мен тиімділігі туралы біржақты тұжырым жасау үшін бұл жеткіліксіз.


Осыған қарамастан, кейбір жосықсыз кәсіпкерлер «ғажайып» шайды сатудан табыс таппақ, тіпті COVID-19 емдейтін өз сусындарын шығаруда. АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасы осындай тауарларды сататын компанияларға ескерту хаттарын жолдаған.


«Сізден COVID-19 жеңілдету, алдын алу, емдеу, диагностикалау немесе індетті емдеу үшін кез келген расталмаған және шешілмеген өнімдерді сатуды тоқтату үшін жедел шаралар қабылдауыңызды сұраймыз», – делінген хатта.


Шайдың СOVID-19 емдей алатындығы туралы хабарламаларды үнді фактчекерлері де жоққа шығарды.

 

Қорыта айтқанда, шайдың COVID-19-бен күресте дәлелденген вирусқа қарсы әсері жоқ. Сусын науқасты аурудың асқынуынан және ықтимал өлімнен құтқаруы мүмкін екендігі туралы хабарламаларды көбінесе жосықсыз компаниялар ақша табу мақсатында таратады.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости