RSS лента

Атақты футболшы коронавирус жұқтырды

Автор фото: coronavirus2020.kz

«Реал Мадрид» испан футбол клубының жаттықтырушысы Зинедин Зидан коронавирус инфекциясына тест тапсырып, оң нәтиже алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлемге әйгілі футболшы 2019 жылы «Реал Мадридтің» жаттықтырушысы болып тағайындалған еді. Клубпен жасаған келісімшарты 2022 жылдың 30 маусымына дейін деп көрсетілген. Ол бұған дейін Мадрид клубын 2016 жылдан 2018 жылға дейін жаттықтырған болатын. Оның басшылығымен «Реал» чемпиондар лигасын үш рет жеңіп, екі рет Испания чемпионы атанды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости