Polisia.kz мәліметінше, Қызылорда облысы Арал ауданында жедел жәрдем жүргізушісі 15 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды. Масаң күйде көлік басқару фактісі Самара – Шымкент тасжолында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезінде анықталды. Құжаттарды тексеру барысында өзін біртүрлі ұстаған жүргізушінің әрекеті полицейлерге күдікті көрінген. Медициналық куәландыру оның масаң күйде болғанын көрсетті.
Айта кетейік, өңірде 6-8 тамыз аралығында “Қауіпсіз жол” жедел алдын алу шарасы өткізіліп жатыр. Полицейлер жол жүрісіне қатысушыларды мұқият болуға шақырады.