Бұл туралы Polisia.kz мәлім етті.
– Мәліметтер базасын тексеру кезінде бұл көліктің 52 миллион теңгеге жуық қарызы бар екені анықталды. Полицейлер көлікті мамандандырылған айып алаңына орналастырды, ол айыппұл толық төленгенше сол жерде сақталады, — деді Айдар Сламбеков.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде биыл 20-30 маусым аралығында кез келген ұсақ құқық бұзушылыққа “мүлдем төзбеушілік” қағидаты негізінде қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-алдын алу шарасы жүріп жатыр.