Кейбіреулердің пікірінше, бұл 5G желілерінің әсерінен сақина болып жиналып қалған графен бөлшектері. Шын мәнінде оның не екенін айтып берейік.
Желіде аспандағы дәл осындай қара сақиналар көрсетілген видеолар көп. Олардың кейбірінде сақиналар түтіннен қалыптасқан деген пікірлер айтылады. Оған графеннің де, 5G-дің де еш қатысы жоқ.
Жоғары көтеріліп, сақиналар түзетін қара түтін үлкен дизельді қозғалтқыштардан, зауыттардың құбырларынан, тіпті жылыту пештерінен де шығады. Желіде мұндай сақиналардың қалай пайда болатыны көрсетілген видеоларды көруге болады.
Былтыр қазан айында Қосшы қаласында аспанда түтіннен қалыптасқан сақина байқалды. Оның пайда болуына жеке меншік үйлердің бірінде пеште көмірдің күрт тұтануы себеп болды.
Демек, таралған кадрларда белгісіз нысан немесе жұмбақ нәрсе емес, жай ғана түтін бейнеленген.