16 қаңтар күні сағат 00:00 шамасында 1991 жылы туылған ер адам Атырау қаласындағы азық-түлік супермаркеттерінің бірінің терезесін сындыру арқылы ішіне өтіп, сөрелердегі азық-түліктерді шашып тастаған. Сөйтіп, кәсіпкерлік нысанына материалдық шығын келтірген.
Аталған тұрғынға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта әкімшілік қамаққа алынды. Оның наркологиялық есепте тұрғаны анықталды.