RSS лента

Елеусіз қалған елдімекендер көгілдір отынға жарымай отыр

  • 07.02.2023, 03:28,
  • 519
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Қазақстанда "алтын сандықтың үстінде жалаң бұт отырған" ауылдар бар, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

ҚОЙНАУЫ МҰНАЙ МЕН ГАЗҒА ТОЛЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА ӘЛІ КҮНГЕ ДЕЙІН КӨГІЛДІР ОТЫННЫҢ ИГІЛІГІН КӨРЕ АЛМАЙ ОТЫРҒАН АУЫЛДАР БАР. СОНДАЙ АУЫЛДАРДЫҢ ДЕНІ ҚЫЗЫЛҚОҒА АУДАНЫНДА ОРНАЛАСҚАН. ЕЛ ТӘУЕЛСІЗДІГІН АЛҒАННАН БЕРІ МҰҚЫР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ САРҚҰМАҚ, СОРКӨЛ, ТАСҚҰДЫҚ, АЛ САҒЫЗ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ҚОҢЫРАУЛЫ, КЕНБАЙ, БЫЛҚЫЛДАҚТЫ ЕЛДІ МЕКЕНДЕРІ ЕЛЕУСІЗ ҚАЛЫП КЕЛЕДІ.

 

Бір қызығы, Тасқұдық елді мекеніндегі тұрғындардың дені мұнай тасымалдау саласында жұмыс істейді. Құба жондарды қуалап, жер астымен тартылған құбырмен қан тамырындай бүлкілдеп ағып жатқан «қара алтынның» діттеген нүктеге шашаусыз жетуін қамтамасыз етіп отырған бұл елді мекен округ орталығынан 30 шақырымдай қашықта орналасқан. Оған баратын асфальт жолды бар деуге тасқұдықтық тұрғындардан ұяласың. Дұрысында бұрын болған.

 

Сонау 80-жылдардың соңына таман «Мұқыр-Құлсары» бағытында салынған асфальт жол Қоңыраулы жəне Тасқұдық елді мекенінің іргесімен өтетін. Қазір аталған жолдың асфальты əбден тозған. Енді бұл жолмен жүру мүмкін емес. Көлік иелері шұрық тесік «асфальтпен» селкілдегеннен гөрі шаңы бұрқырап жатқан қара жолмен жүргенді тəуір көреді. Ал, Қоңыраулы, Кенбай, Былқылдақты ауылдары күн көсем есімі берілген кең шар дың, ал Сарқұмақ, Сор көл ауыл дарын «Гурьев» асыл тұқым ды қой зауытының ферма орталығы болған.

 

Бұрын екі шаруашылықтың шопандары отар-отар қой өргізді. Механизаторлары ала жаздай пішен шауып, қыста жем таситын. Жылдың төрт мезгілінде дырыл даған тракторлар, гүрілдеген машиналар артына арқандай шұбатылған қара түтін мен шаң қалдырып, əрлі-берлі «шапқылап» жүретін. Желіккен жігіттерді қас-қабағымен жасқап, қазақы болмысқа жат əре кеттерге ұрындырмайтын өнегелі қариялары қандай еді? Кеңшар мен қой зауыты тараған соң ферма орталықтары елеусіз қалған.

 

Қазір бұл ауылдарда бұрынғыдай қайнаған еңбектің нышаны жоқ. Бұрынғыдай бір-бірінің үйіне қонақ болып баратын тұрғындар да, келіп-кетіп жатқан көлік те аз. Ойнап жүрген балалар да көрінбейді. Ауылдардағы отбасылардың саны жиыр маға жетпейді. Жұмыс іздеп, облыс орталығына кеткен жастар ауылға жыл құсындай анда-санда бір айналып соғады. Бұл ауылдарда бағаналарды бір-бірімен жалғап, «дызылдап» тұрған электр желісінен өзге ештеңе жоқ. Көмірді 10-15 жыл дан бері көрмегендер бар. Бұрын көмірді Мұқыр, Сағыз стан са ларынан тасымалдайтын еді. Ен ді аталған стансалар газ желі сі не қосылған соң бұрынғыдай темір жол вагонымен көмір жеткізілмейді. Осындай себептен төрт түлігі үшін ғана амалсыз отырғандар тамақты мал тезегімен пісіруге мəжбүр. Үйін де солай жылытады.

 

Солай десек те əр отбасының шырағын жағып, шырайын келтіріп отырған əйелдер белі қайысып, қысы-жазы шелектеп отын, су тасып, күл шығарады. Бірақ ауыл əйелдері аудан, облыс əкімдерінің қабылдауына «Тұрмысымыз ауыр, отын, су тасудан шаршадық» деп шағым айта барған емес. Содан ба екен, бұл ауылдарға Атырау облысын басқарған əкімдердің бірде-біреуі келгені, тұрғындардың əлеуметтік ахуалымен таныс қаны жайлы дерек жоқ. Президент арнайы тапсырмаса, сол ауылдардың көкейкесті мəселесіне назар аударатын əкім табылар емес. Бұл ауылдарда тұрғындар тұрмысын жақсартуға қолбайлау болып отырған көкейкесті мəселе шашетектен.

 

Ауылдардың бəріне көгілдір отын аспандағы айға қол созғаннан кем түспейтін арманға айналған. Мəселен, Айсара Əбезбаева 16 жыл бұ рын Кенбай ауылына келін болып түскен. Оның күнделікті тір лігі от жағумен басталып, қас қарайғанға дейін мігір таппайды.

 

– Күз басталысымен таңертең жаққан отты кешке дейін сөндірмеймін. Үйді жылыту үшін пешке кешке дейін 15-16 шелек қи саламын. Оны жағасың, астынан күлін түсіріп аласың. Күніміз отын, су тасумен, күл шығарумен өтіп жатыр,-дейді төрт баланың анасы Айсара.

 

Өзге ауылдардағы əйелдер де кен байлық ақжаулықтылардың ке бін киіп отыр. Бұл ауылдарға ор тақ бір мəселе – электр жарығы ның əлсіздігі. Бірақ, бұл мəселеге назар аударып отырған ешкім жоқ. Тұрғындар «Жарық өшпесе екен» деп Құдайдан жалбарына тілек тілейді.

 

– Біздің ауылға табиғи газ желісі тартылады деген хабар естігенімізге 20 жылға жуықтады. Мұқыр стансасынан 9 шақырым қашықта отырмыз. Жақын маңда 40 жылға жуық мұнай беріп тұрған кен орны бар. Еліміз тəуелсіздігін алғалы 30 жылдан асты. Бірақ, біз əлі қи жағып отырмыз. Қыста суды артезиан құдығынан қауғалап тартамыз, -дейді Қоңыраулы ауылының тұрғыны Айсұлу Нұрғалиева.

 

Облыс əкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың мəліметіне сүйенсек, Атырау, Құлсары қалалары мен 135 елді мекен тұрғындарының 88,4 пайызы табиғи газ желісіне қосылған. Алайда 18 ауыл əлі табиғи газ желісімен қамтылмаған. Баспанасын жылыту үшін пешке тезек жағып, мұржасынан желге қарсы желген бураның шудасындай желкілдей ұшқан түтінді будақтатып отырған тұрғындар тек Қызылқоға ауданында ғана емес екен. Жергілікті биліктің уəдесіне үміт артып, табиғи газдың рақатын көрген дерге тамсана қарайтындар Ниетбай, Кетебай, Кеңөріс, Томан, Мыңтөбе, Ауқайран, Айбас, Жасқайрат, Қызылүй, Қойсары, Қараша, Ескене секілді елді мекендерде де бар.

 

– Қазір Қызылқоға ауданының 6 ауылына, Исатай ауданындағы 2 елді мекенге газ құбыры тартылып жатыр. Атырау қаласының оң жағалау бөлігінде орналасқан елді мекендерді газбен үз діксіз қамтуға байланысты жоспар бар. Осы мақсатта «АГТС Финская-120» жəне «Редут-АГРС Финская-120» магистрал ды газ Солай десек те əр отбасының шырағын жағып, шырайын келтіріп отырған əйелдер белі қайысып, қысы-жазы шелектеп отын, су тасып, күл шығарады. Бірақ ауыл əйелдері аудан, облыс əкімдерінің қабылдауына «Тұрмысымыз ауыр, отын, су тасудан шаршадық» деп шағым айта барған емес. Содан ба екен, бұл ауылдарға Атырау облысын басқарған əкімдердің бірде-біреуі құбы рын салу үшін жобалау-сметалық құжаттамасын жасақтау қолға алынды. Алдағы жылдары табиғи газ желісіне қосылатын ауылдар қатары 145-ке жетеді. Осылайша, мұнайлы өңір тұр ғындарының 93,5 пайызы көгілдір отынды тұтынады,- дейді Қ.Нұртаев.

 

Алыстағы 18 ауылдың тұрғындары медициналық нысандарға да зəруліктен арылған жоқ. Бұған, əрине, облыс орталығы нан шалғайда болса да алтын бесік ке балаған ауылынан өкше көтермей отырған қандасыңды кінəлай алмайсың. Бірақ, мұны осы күнге дейін əр деңгейдегі жергілік ті əкімдердің тарапынан ауыл тұр ғындарының мұң-зары на немқұрайлы қарау деген жөн шығар. Əйтпесе, алдымен Ресеймен шекарада орналасқан Құрманғазы ауданындағы Алтыншы, Шағырлы, Батырбек, Егін құдық, Афанасьев, Азғыр, Қо ңыр терек, Жалғызапан елді ме кен деріне медициналық пунктті биыл емес, Жамбыл, Қызылоба, Кудряшев, Арна, Көптоғай ауыл дары на фельд шерлік-акушер лік пункттерді 2024 жылға қалдыр май, баяғыда-ақ салуға болмас па еді? Биыл Махамбет ауданындағы Талдыкөл ауылында фельдшерлік-акушерлік пунктті іске қосу көзделіпті. Ал келесі жылы Қызылқоға ауданының Жантерек, Жамансор елді ме кендерінде, ал Индер ауданын да орналасқан Есбол ауылын да, Исатай ауданының аумағындағы Жасқайрат ауылында медициналық пункт бой көтереді. Ауыл адамдарының балтыры сыздап, басы ауырмаған дəрігерге бармайтыны əуелден белгілі ғой. Тіпті олардың медициналық сақтандыруды құп көрмейтіні де даусыз. Нақты дəлел қажет пе? «Міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Атырау облыстық филиалының директоры Байтолла Ғазизовтың айтуынша, мұ най лы өңірде былтырғы 1 желтоқ сандағы статистикалық дерекке сəйкес 82 мың адамның əлі сақ тандырылмағаны анықталып отыр.

 

– Медициналық сақтандыру жүйесінен тыс қалғандардың басым бөлігі – Атырау қаласының, Құр манғазы мен Исатай ауданының тұрғындары. Олардың əлі күнге сақтандырылмауын бірқатар фактормен, оның ішінде тұр ғындардың əлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы жеткілікті хабардар болмауымен байланыстыру қажет. Тіпті кейбір жұмыс берушілер өз қызметкерлерін медицина лық сақтандырумен қамты май, міндетті төлемдерді уақытылы аударар емес,-дейді Б.Ғазизов.

 

Оның пікірінше, өңірлік филиал қызметкерлеріне былтыр тұр ғын дардан медициналық қыз мет тердің, əсіресе алғашқы ме ди ци налық-санитарлық көмектің са пасына қатысты 348 өтініш түс кен. Тұрғындардың өтінішінің бəрі не тексеру жүргізілген. Тек серу кезінде 219 өтініш негіз сіз деп танылған. Ал 69 жағдай да тұр ғындардың талабы расталып, кем ші лікті жою үшін шара қа был даныпты. Медициналық ме ке мелер өзге өтініштер бойынша дəрі герлерге қатысты тəртіп тік ық пал ету шараларын қолға алған.

 

– Біз былтырғы қарашада барлық ауданның тұрғындарымен кездесу өткіздік. Қазір тұрғындар міндетті əлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна тө лей ді. Бірақ тұрғындардың көпші лігі тегін көрсетілетін қызметтер сапасының төмен дігіне жиі ша ғымданады. Сол себептен олар ақылы медициналық қызметтерді алу үшін жеке клиникаларға баруға мəжбүр болып отыр,- деген уəжімен бөлісті Б.Ғазизов. «Қара алтынның» үстінде отыр» деп өзгелер қызыға қарайтын Атырау облысында елеусіз қалған осындай елді ме кендер бар. Ондағы тұрғындардың кейбірі тек табиғи газ бен медициналық нысанның ғана емес, таза ауызсудың да қиындығын көріп отырғаны белгілі. Бірақ «Барына да шүкіршілік етейік» дейтін қазақы болмыстың қағидатынан аттамай, күнді айға, айды жылға жалғап, бұйығы тірлік кешіп жүр.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости