RSS лента

Коронавирустың жоқ екені рас па?

  • 30.11.2021, 03:16,
  • 397
  • 0
  • Автор:
Автор фото: stopfake.kz

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде вакцинацияға қарсы белгілі тұлға Александр Редьконың сұхбаты таратылуда. Оның айтуынша, Sars-CoV-2 вирусы енді жоқ, вакцина алты жыл ішінде жасалуы керек, егілген адамдар жиі және аурудың ауыр түрімен ауырады, сондай-ақ, әлемде пандемия жоқ, ал мұның бәрі жаһандық алдау. Бұл шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Алдымен Александр Редко мен оның мәлімдемелеріне неге сенбеу керектігі туралы қысқаша айтып берейік. Біріншіден, ол бұған дейін де COVID-19 пандемиясына қатысты ғылымға қарсы мәлімдемелер жасаған. Атап айтқанда, ол вакцинацияланған адамдар мутанттарға айналады, ал вакциналар адамдарға аденовирустар жұқтырады деп айтқан.


Екіншіден, оның РҒА академигі атағы ғылыми жетістіктерінің белгісі емес. Белгілі бір мөлшерде ақы төлеп немесе ғылымға ешқандай қатысы жоқ жетістіктер үшін РЖҒА академигі атануға болады. Мысалы, Рамзан Қадыров және цирк әртісі Юрий Куклачев РЖҒА академиктері болып табылады. Сонымен қатар, РЖҒА мүшелері – нағыз ғалымдар мойындамайтын және жалған ғылым деп атайтын балама ғылым ағымдарының ізбасарлары.


Александр Редьконың басқа жалған регалиялары туралы 2012 жылы ФҚҚ рейд жасап, жалған құжаттар жиынтығын тапқан кезде белгілі болды, оның ішінде халықаралық полиция қауымдастығы президентінің кеңесшісі, экологиялық қауіпсіздік генерал-майоры және Президенттің «Сенім» клубы мүшесінің құжаттар болған.


Енді Қазнетте тараған Редьконың сөзіне көшейік.


1. Бұрын болған вирус қазір жоқ
Шын мәнінде, Sars-CoV-2 вирусы ешқайда кеткен жоқ және ол әлі е болса COVID-19-дың жалғыз қоздырғышы болып табылады. Пандемия кезінде оның жаңа нұсқалары пайда болды, бірақ олар вирусты мүлдем басқаша етіп өзгертпеді. 


2. Вакцина алты жыл ішінде жасалуы керек
Мұндай критерийлер жоқ. Бұған дейін осыған ұқсас мәлімдемеге медицина ғылымдарының докторы, профессор, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы Александр Гуляев түсініктеме берген болатын.
– «Денсаулық сақтау мен ғылымда Белгілі бір жылдармен шектелген клиникалық апробациядан өту жоқ. Клиникаға дейінгі зерттеулер, клиникалық зерттеулердің бірнеше кезеңі бар, содан кейін тіркеу және пайдалануды лицензиялау. Одан әрі тіркеуден кейінгі кезеңде жағымсыз құбылыстардың мониторингін жүзеге асыратын фармакологиялық қадағалау жүргізіледі. Фармакологиялық қадағалау жүйесі вакцинаны қолданудың барлық кезеңінде жүзеге асырылады», – деді ол.


3. Реанимациядағы пациенттердің 62%-ы КВИ қарсы егілгендер
Бұл мәлімдеме мүлдем дәлелденбеген, өйткені оны келтіре отырып, Александр Редько нақты сенімді дереккөздерге емес, «кейбір мамандарға» сүйенеді. Мұндай статистиканы тікелей жоққа шығаратын ақпарат баршаға қол жетімді. Мысалы, Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрі бұған дейін реанимацияда COVID-19 диагнозымен жатқан пациенттердің 92%-ы вакцина алмағандар деп мәлімдеді. Биыл шілде айында Алматыдағы №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Гүлзат Байзахова Kazakhstan Today басылымына берген сұхбатында Алматының реанимация бөлімшелеріне түскендердің 98%-ы егілмегендер екенін хабарлаған.
АҚШ-та COVID-19 жұқтырып, ауруханаға жатқызылғандар статистикасы қарқынды терапияны қажет ететіндердің басым бөлігі екпеден бас тартқандар немесе вакцина алуға уақыттары болмағанын растайды. 


4. Вакцинация паспорттары адамдарды жақсы және жаман деп бөледі
Бұл жалған. Вакцинация паспорттары, ең алдымен, вакцинацияланған адамдардың санын есепке алу үшін қажет. Сондай-ақ, олар КВИ таралуына жол бермеуге бағытталған өзіндік шара болып табылады, өйткені вакцинация паспорты негізінде қазақстандықтар қоғамдық орындарға бара алады.


5. Пандемияны әлем халқының 5%-ы ауырған жағдайда ғана жариялауға болады
Мұндай критерий жоқ. Кез келген пандемияның бір ғана өлшемі бар – аурудың әлем бойынша таралуы. Бұл туралы ақпарат бірнеше ғылыми сайтта жарияланып, баршаға қолжетімді.


6. ПТР тест SARS-CoV-2 вирусын анықтай алмайды
Бұл жалған. Біз мұндай мифтерді жоққа шығарған болатынбыз. Сонымен қатар, Александр Редько өз сөзінде «қысқа тізбекті» және «ұзын тізбекті» терминдерін вирустарға қолданады, ал бұл терминдер вирустарға емес, май қышқылдарына қатысты қолданылады.

Одан әрі, Александр Редько жаһандық алдау нәтижесінде бүкіл адамзат жойылады деп болжайды, бірақ мұндай мәлімдемелер мүлдем негізсіз.
Қорыта айтқанда, Александр Редько, біріншіден, сенімді ақпарат көзі емес және медициналық мәселелерге қатысты оның пікіріне сенбеу керек. Екіншіден, ол айтқан тезистер шынайы емес және ғылыми негізделмеген.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости