Президент айтпақшы, қазір той қуатын емес, ой қуатын, қой бақсаң да білім керек заман. Сондықтан бұл мәселе дер шағында көтеріліп отыр...
Маңызды мотивация
Бала кəсіпкер бұған дейін де болды. Бірақ, оны біз кəсіпкер деп емес, көмекші деп қабылдадық. Блогер Динара Болаттың мына жазбасы – кез-келген ауыл баласының бастан кешкені. Бірақ, ата-анасы оған бұйырып жұмсау емес, бизнеске қадам ретінде түсіндірген.
«Менің əкем – дəрігер, анам – мұғалім. Бір қызы, бір ұлы бар, əлеуметтік жағдайы орташа қарапайым отбасы. Байлыққа малынып өмір сүрмесек те, көп қажеттілігімізге қаражат ж е т к і л і к т і е д і . О с ы ғ а н қарамастан, ата-анам үйдің үлкені мені еңбекке ерте баулыды. Өз еңбек жолымды 4 сыныптан бастадым. Алғашқы кəсібім – мал бағып, өсіру. Білемін, көпшілігіміз мал бағып, үйдегілерге қолғабыс еттік. Бірақ, бұл жердегі ерекшелік – ата-анам маған «Бір жылда осыншама ақша жинасақ, өзімізге машина аламыз. Жазда Шалқар көліне жиі барып тұрасың», келесіде «Үш жылда осыншама ақша жинау керек, сонда қаладан жер аламыз» деп мотивация беретін. Бастауыш мектептегі мен үшін бұл үлкен қозғаушы күш» деп, балалық шағын еске алады Батыс Қазақстан облысының тумасы.
Соған қарағанда, ол мал бордақылап, оны сатып табыс табуды бастауыш сыныптаақ үйренген. Əрине, Динара сияқты мал баққан бала көп. Бірақ, ұлқызын кəсіпке бейімдейтін атаана сирек. Сондықтан, болар қазақ жастарының дені бір істің кілтін таппай, тапса да тəуекел ете алмай көп жүреді. Ақыры, «охранник» бола салғанды жөн көреді. Бүгінде сол сеңді бұзатын жаңа буын бет алып келеді.
Сата білу де – өнер
Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясы «Сурет жəне бейнелеу өнері» мамандығының түлегі Серікболсын Мағзоми бүгінде өзінің шағын ағаш цехында арнайы тапсырыспен жер үстел, биік ас үстелі, орындық, сөре, мейрам жастығы сынды ағаш бұйымдар жасайды.
– Өз кəсібімді жүргізу барысында маған мектепте оқыған математика мен геометрия сабақтарының пайдасы тиді. Жалпы, мектепте кəсіпкерлердің жаңа буынын дайындау үшін есептеуді, яғни қаржылық сауатты жақсы меңгерту керек. Себебі, кəсіпте кіріс пен шығысты бақылауда ұстау керек болады. Есеп білмеген ештеңе де баға алмайды. Сурет салу да баланың креативті ойлауына көп септігін тигізеді, - дейді Серікболсын.
Аз-аздан болса да, үздіксіз дамуды алдына мақсат етіп қойған ол кəсіпкерлікке бел буған балаға алдымен сатуды үйренуге кеңес берді.
– Жасағаның қанша мықты болса да, сата білмесең – ісің алға жылжымайды, - деп сөзін түйіндеді С.Мағзоми.
Бизнес мектепті білесіз бе?
Атырау қаласында 6-14 жас аралығындағы балаларды орыс тілінде халықаралық стандартқа сай оқытатын бизнес мектеп бар. Бірақ, оны екінің бірі біле бермейді. Мектептің штабпəтері Ұлыбританияда, ал, Украина, Литва, Болгария, Ресей, Армения, БАƏ, Филиппин, Таиланд, Индонезия, Франция, басқа да мемлекеттерде филиалдары бар. Қазақстан бойынша бөлімшесі Нұр-Сұлтан жəне Атырау қалаларында ғана ашылған. Мұнда əр академиялық жыл аяқталғаннан кейін оқушыларға сертификат тапсырылады. Егер балаңыз 8 жыл бойы сол мектептен білім алса, экономика мен кəсіпті, маркетинг негіздерін, инновация иірімдері, өнертапқыштық пен сөз шеберлігін, көшбасшының 8 интеллектісі мен карьералық еді. Бұған көңіл аударғандардың саны да аз болар, сірə!..
Бір пəннің пайдасы
Мектептерде өтетін «Кəсіпкерлік жəне бизнес негіздері» пəні нені үйретеді? Атырау облыстық білім беру басқармасы баспасөз қызметінің мəліметіне сүйенсек, мектептегі Х-ХІ с ы н ы п о қ у ш ы л а р ы кəсіпкерлік, бизнес, экономика, менеджмент, маркетинг бойынша қазақстандық жəне халықаралық тəжірибелерге негізделген базалық білімнің курсын оқып жатыр. Сабақта оқушылар функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, танымдық, шығармашылық, практикалық тапсырмалар бойынша жұмыс жасап, қосымша ақпарат пен қызықты мəліметтерге қанығады екен. Аталмыш пəн оқытыла бастағаннан-ақ Құрманғазы ауданы оқушыларының пəнге қызығушылығы, жеке кəсіп ашуға ынтасы артыпты. ХІ сынып оқушылары бизнес-жоспар жасақтап, өз жобасын қорғауды үйренген. Оқу нəтижелерін бағамдаған ұстаздар болашақ буынның өз кəсібімен айналысуына осы пəннің жасайтын əсері мол боларына кəміл сенімді.
Ал, исатайлық оқушылардың арасында түрлі тəттілер мен тағамдар пісіріп, тауық, бөдене секілді үй құстарын асырап, табыс тауып жүргендері бар екен. картаны бүге-шігесіне дейін меңгеріп, дайын кəсіп иесі болып шыға келеді. Бірақ, мұндай оқудың айлық құны да атыраулықтардың орташа жалақысымен деңгейлес. Кезкелгеннің уысына түспейтін «бақыт» деуге де болады. Дамыған елдерде бұл үрдіс əлдеқашан қалыптасқан. Əлбетте, қажет-ақ. Себебі, ұлы Абайдың өзі де «Балаң адам болсын десең, мал аяма, оқыт» деді емес пе? Бірақ, Президент Тоқаев мұндай ақылы оқуды бəрінің бірдей қалтасы көтере алмайтындықтан, мемлекеттік білім ұяларында кəсіпкерлік негіздерін оқытуды тапсырған Есейгенде наубайхана, тойхана кəсібімен айналысуға ниетті шəкірттер де жоқ емес.
Біз облыс мектептерінде осы пəннен нəтиже шығарған оқушыларға сұрау салдық. Байқасаңыз, мəлімет екі ауданнан ғана түскен. Қалған өңірлерде де бұл пəн жүріп жатыр. Алайда, жауап болмады. Бəлкім, шəкірттің санасына сəуле түсіре алмай жатқан ұстаздың кемшілігі шығар?! Он екі жастағы кəсіпкер Үй шаруасына қолғабыс еткен баланы кəсіпкер деп қабылдамайтынымыз рас. Тек оның бала күнгі арман-мақсаты мен ықылас-ынтасын өшіріп алмай, бизнеске бағыттау – алдымен ата-ананың, сосын ұстаздарының жауапкершілігі. Қаракөл орта мектебінің V сынып оқушысы Дəулет Жамбозов былтырдан бері үй тауығын бағып, өсіріп қана қоймай, өз кəсібіндегі маңызды сəттерді видеоға түсіріп отырады. Сосын оны өзінің ютуб парақшасына жүктеп отырады екен. Əр тауықтың тұқымына дейін жатқа білетін бала кəсіпкерді сөзге тарттық. Өзі пысық-ақ.
– Өткен жылы жазда 15-ке жуық тауық бақтым. Биыл ломан браун, брама, дакан тұқымды тауықтар сатып алуды ойлап отырмын. Жұмыртқасын əзірге өзіміз жейміз. Тауықтың санын көбейткен соң жұмыртқаны сатылымға шығарамын, - дейді Дəулет.
Оның айтып отырған тұқымдары жұмыртқасының ірілігі мен етінің жұ м сақтығынан əлемде алдыңғы орында тұр. Томашадай баланың жігіт ағасы білмейтін деректерді білуі – өз ісіне деген шынайы ниеті мен сүйіспеншілігінің белгісі екенін аңғаруға болады. Күн сайын Дəулеттің тауықтары шамамен 10 жұмыртқа береді екен. Егер үй тауығының жұмыртқасы базар бəсіне шаққанда орташа 60 теңге деп алсақ, отбасына тəулігіне 600 теңге пайда əкеліп тұр. Теңгенің тиыннан, жылқының құлыннан өсетінін ескерсек, үлкен бизнес кішкене кəсіптен бастау алатынын естен шығармаған жөн.
Ал, жалпыға ортақ орта білім бағдарламасына сәйкес «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін жоғары сыныптарда ғана оқыту сіздің ойыңызша кеш емес пе, құрметті оқырман?! Бәлкім, бала кәсіпкердің бағын байлап жүрген шығармыз. Қалай ойлайсыз?..