RSS лента

Облыс әкімін лауазымынан босатты...

  • 16.05.2024, 22:08,
  • 554
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Маңғыстау облысының әкімі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ноғаев Нұрлан Асқарұлы — Маңғыстау облысының әкімі.

 

1967 жылы 30 шілдеде Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласында дүниеге келген.

 

1993 жылы И. Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын тау-кен инжинері мамандығы бойынша бітірді.

 

1999 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "халықаралық экономикалық қатынастар" мамандығы бойынша және 2006 жылы РФ СІМ Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (Университет) іскерлік әкімшілік магистрін бітірді.

 

2012 жылдың 20 қаңтарында Батыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды.

 

2016-2019 жылдары аралығында Атырау облысының әкімі.

 

2019 жылғы 18 желтоқсан — 2021 жылғы 7 қыркүйекке дейін Энергетика министрі.

 

2021 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Маңғыстау облысының әкімі болып тағайындалды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости