1980 жылғы 1 сәуірде Алматы қаласында дүниеге келген.
2001 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін «халықаралық құжаттанушы» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2003 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің магистратурасын аяқтаған, магистр-аймақтанушы.
Еңбек жолын 2001 жылы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті халықаралық туризм менеджменті кафедрасының оқытушысы болып бастады.
2008-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының парламентаралық байланыстар және халықаралық ынтымақтастық бөлімінің сарапшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасы көмекшісінің міндетін атқарушы.
2011-2013 жылдары – Қазақстан Республикасының БҰҰ-дағы Тұрақты Өкілдігінің үшінші хатшысы, атташе, Женева.
2013-2019 жылдары – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары, меңгерушісі.
2019-2021 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары.
2021 жылғы 28 мамырдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары болды.
2022 жылдың 11 қаңтарынан – Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы.
ҚР Президентінің сайлауынан кейін 2022 жылғы 22 қарашада Мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Президентінің Іс Басқарушысы болып тағайындалған еді.