RSS лента

Ғалымжан Қойшыбаев Үкімет Аппаратының Басшысы

  • 06.02.2024, 16:59,
  • 246
  • 0
  • Автор:
Автор фото: kk.wikipedia.org

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Үкімет Аппаратының Басшысы лауазымына тағайындалды.

1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университететін тәмамдаған.


Еңбек өтілі:

1995 – 2004 жылдары Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы, бірінші хатшысы, кеңесшісі, Кеңесші-Уәкілі болып қызмет еткен. 

2004 жылы — Қазақстан Республикасының Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартты ұйымының жанындағы Өкілетті өкілі болған.

2004 – 2006 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Бас инспекторы. 

2006 – 2008 жылдары — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі. 

2008 – 2012 жылдары — Қазақстан Республикасының Литва Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Латвия Республикасындағы, Эстония Республикасындағы және Финляндия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы). 

2012 – 2016 жылдары — Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасы мен Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (қоса атқарушы). 

2016 жылдан бастап — Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылғы 26 наурызда Үкімет қаулысымен ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің басшысы болып тағайындалды.

2023 жылдың 4 қаңтарынан Премьер-министр орынбасары болып қызмет атқарды. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости