Асхат Оразбай1960 жылы 2 желтоқсанда дүниеге келген. 1985 жылы В.Ленин атындағы Ташкент Мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек өтілі:
1985-1990 ж. Қырғыз КСР Мемлекеттік теледидары комитетінде редактор.
1990-1992 ж. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы.
1992 жылдан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жүйесінде.
1992-1994 ж. ҚР СІМ Таяу, Орта Шығыс және Африка елдері басқармасының Екінші хатшысы, Бірінші хатшысы.
1994-1999 ж. Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің Бірінші хатшысы, Кеңесшісі.
1999-2001 ж. ҚР СІМ Екіжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары.
2001-2002 ж. Біріккен Ұлттар Ұйымының Ауғанстан жөніндегі Арнайы Миссиясының сарапшысы.
2002-2003 ж. ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка елдері департаментінің директоры.
2004 ж. ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі.
2004-2006 ж. Экономикалық ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы.
2006-2008 ж. ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі - Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі.
2008-2012 ж. Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2012 - қаңтар 2019 ж. Қазақстан Республикасының Индонезия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі
2015- 2019 ж. Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.
2019 жылғы Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.