RSS лента

ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды

  • 28.12.2023, 12:26,
  • 178
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: online.zakon.kz

"Мемлекет басшысының өкімімен Ерлан Сапарұлы Оразбай ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды", делінген Ақорда хабарламасында. 

Оразбай 1979 жылғы 13 қарашада Өзбекстанда Ташкент облысының Чирлик қаласында туған.

2011 жылы «Тұран Астана» университетін, 2016 жылы Қазақ технология және бизнес университетін бітірген, экономика және бизнес магистрі.

Еңбек жолын 2002 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК «Салтанат Сарайы» қабылдау үйінің даяшысы болып бастаған.

2004 – 2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК № 1 асханасының даяшысы болып жұмыс істеген.

2005 – 2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК-ның «Ақорда» резиденциясындағы асханасының даяшысы.   

2012 – 2013 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК № 1 асханасының метрдотелі, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қараөткел» РМК «Қызылжар» резиденциясының метрдотелі.

2013 – 2017 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Қараөткел» РМК директоры.

2017 – 2019 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы» РМК директорының орынбасары.

2019 жылғы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары болып тағайындалған. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости