RSS лента

1 наурыз – Азаматтық қорғаныс күні

  • 01.03.2024, 14:01,
  • 327
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Әлем жұртшылығының назарын азаматтардың қауіпсіздігі, төтенше жағдай қаупі төнген кезде адамдардың тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтау мәселелеріне аудару, құтқару қызметтерінің беделін арттыру және олардың қызметін насихаттау мақсатында 1 наурыз күні Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аталып өтіледі, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов айтты. Жыл сайын Дүниежүзілік АҚХҰ ұсынысы бойынша бұл күн жаңа ұранмен өтеді. Биылғы ұран: «Азаматтық қорғаныс қызметіндегі инновациялық технологиялар».

 

«Биылғы ұран кездейсоқ таңдалған жоқ. Климаттық өзгерістердің салдары, апаттардың саны мен жиілігі бірнеше есе артқан жағдайда, инновациялық технологияларды кеңінен енгізу қажеттілігі күмән туғызбайды. Құтқару қызметтерінде дрондар, спутниктер, роботтар, автономды көлік құралдары, әртүрлі қашықтағы датчиктер, 3D модельдеу технологиялары, геоақпараттық жүйелер сынды инновациялық технологиялар мен интернет, әлеуметтік желілердің белсенді дамуын бөлек атап өту қажет», - деді полковник.

 

Дрондар мен роботтарды пайдалану төтенше жағдай орындарын барлауға, бұл аймақтағы жеке құрамды қорғауға мүмкіндік береді. Спутниктер жасаған суреттер мен 3D модельдеу арқылы ұтымды басқару шешімдерін қабылдау үшін визуалдау және модельдеуге болады. Интернет пен әлеуметтік желілерді пайдалану төтенше жағдайдағы іс-қимыл дағдыларын халыққа жеткізу үшін пайдалы. Мұндай мысалдар көп.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости