RSS лента

Атыраулық шенеунік жұмыс орнында ұсталды

Автор фото: "фейсбук"

Бүгін Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Дастанбек Қоспановты жұмыс орнында ұстады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы "Говорит Атырау "телеграм-каналы жазады. 


«Қазір қылмыстық іс бойынша куәгерлер іздестіріліп жатыр. Сондай-ақ, «Дәурен» есімді азаматтың жеке басын анықтау бойынша іздестіру шаралары жүргізілуде» делінген хабарламада.


 

Айта кетейік, Дастанбек Қайыржанұлы бұл лауазымға былтыр 4 шілдеде тағайындалған болатын. Ол Х.Досмухамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «экономист-қаржыгер» мамандығын, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «дене шынықтыру және спорт» мамандығын тәмәмдаған.

 

Еңбек өтілі:

 

07.2003 - 10.2004 жылдар аралығында Махамбет аудандық пошта бөлімшесінде әр түрлі қызмет атқарды.

 

10.2004 - 10.2005 жылдар аралығында «Казпочта» АҚ Атырау облыстық филиалында әр түрлі қызмет атқарды.

 

02.2006 - 03.2007 жылдар аралығында Атырау облысы Сәулет және қала құрылысы департаментінің штаттан тыс қызметкері;

 

03.2007 - 12.2008 жылдар аралығында Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастыру бөлімінің бас маманы;

 

12.2008 - 12.2016 жылдар аралығында Атырау облысы Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасында әр түрді қызмет атқарды.

 

01.2017 - 10.2019 жылдар аралығында қалалық дене шынықтыру және спорт бөліміне қарасты «Атырау қалалық №4 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары;

 

10.2019 жылдан бастап тағайындалғанға дейін Атырау облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резерв даярлау орталығы» КММ директоры қызметін атқарады.

Оставить комментарий
Последние новости