Элиманов Жанат Қалдыбекұлы 1978 жылғы 16 тамызда Қарағанды қаласында туылған. Білімі жоғары, 1999 жылы Е.А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы:
2000 ж. – Қарағанды қаласы прокуратурасының соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімі прокурорының міндетін атқарушы.
2000 ж. – Қарағанды қаласы прокуратурасының соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры.
2000-2001 жж. – Қарағанды қаласы Совет ауданы прокурорының көмекшісі.
2001 ж. – Қарағанды облысы прокуратурасы шаруашылық істері бойынша соттық қаулылар және атқарушылық іс жүргізуді орындаудағы заңдылықты қадағалау тобының прокуроры.
2001-2002 жж. – Қарағанды облысы прокуратурасы азаматтық істері бойынша соттық қаулыларды орындаудағы заңдылықты қадағалау бөлімінің прокуроры.
2002-2003 жж. – Қарағанды облысы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқармасының прокуроры.
2003-2004 жж. – Қарағанды облысы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқармасының аға прокуроры.
2004 ж. – Астана қаласы, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқарма басшысы орынбасарының міндетін атқарушысы;
2004-2007 жж. – Астана қаласы, бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасы мемлекеттік органдары қызметінің заңдылығын қадағалау бойынша басқарма басшысының орынбасары.
2007-2009 жж. – Бас прокурордың ерекше тапсырмаларын орындау жөніндегі аға көмекшісі.
2009 ж. – Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кеңесшісі.
2009-2012 жж. – Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Тiркеу қызметi және құқықтық көмек көрсету комитетi төрағасының орынбасары.
2012 ж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) ақпараттық-сараптамалық департаментінің басшысы.
20012-2014 жж. – Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаментінің басшысы.
2014-2017 жж. – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Жедел іздеу қызметі департаментінің директоры.
2017 ж. – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық қорғау департаменті басшысының орынбасары - Құқықтық қорғау департаментінің экономика саласында заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы:
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының қарамағында;
- Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Қоғамдық мүддені қорғау департаменті бастшысының орынбасары - Қоғамдық мүддені қорғау департаментінің (үшінші қызмет) экономика саласында заңдылықты қадағалау бойынша басқармасының басшысы.
2017-2019 жж. – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Қоғамдық мүддені қорғау қызметі бастшысының орынбасары - Қоғамдық мүддені қорғау қызметінің экономика саласында заңдылықты қадағалау басқармасының басшысы.
2019 ж. – Қарағанды облысы прокурорының орынбасары.
2019 жылғы 22 сәуірден 2020 жылғы 27 қаңтарға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Қаржы мониторингі комитеті төрағасының орынбасары.
2020 жылғы 28 қаңтардан 2021 жылғы 28 қаңтарға дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрілігінің Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы.
2021 жылғы 28 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін - Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы.