Онда бұл Қазақстан Президенті «бұрынғы министрдің қатысы бар оқиғаға қатысты айтқан пікірі» делінген. Ресми stopfake.kz бұл пікірдің фейк екенін мәлімдеді.
Әлеуметтік желілерде Ақорданың ресми парақшадіңларында ҚР Президенті 15 қарашада құқық қорғау органдарының басшыларымен кездесу кезінде елорда мейрамханаларының бірінде болған кісі өліміне қатысты резонанс тудырған оқиғаға қатысты пікір білдіргені туралы баспасөз релизі жарияланды.
Президент ІІМ басшылығына бұл істі ерекше бақылауға алуды тапсырды.
«Заң бәріне бірдей. Азаматтарымыз заңдылықты нығайту жолында жұдырықтай жұмылса ғана қоғамда әділдік орнайды. Әділетті Қазақстан – Заң мен Тәртіп үстемдік құратын ел» деді Қасым-Жомарт Тоқаев. БАҚ жаңалықтарында да осы дәйексөз келтірілген.
Ол таралған ақпаратта жазылған сөздерді айтпаған. Бұл «пікір» жалған.
Айта кетейік, фейктің бастапқы дереккөзі – Qazinform24 сатиралық аккаунты. Ол Instagram-да ойдан шығарылған жаңалықтарды жариялайды. Бұл туралы парақшаның профилінде жазылған. Олай болса, таралған ақпаратқа сенбеген жөн.