RSS лента

Президент Ішкі істер министрін қабылдады

  • 22.11.2023, 19:28,
  • 266
  • 0
  • Автор:
Автор фото: akorda.kz

Ержан Саденов ведомствоны лайықсыз мамандардан тазарту шаралары жүріп жатқану туралы айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz ІІМ сілтеме жасап. 

Ішкі істер министрінің сөзінен: 


- елімізде жасалатын қылмыстар санының төмендеу динамикасы сақталып отыр. Кісі өлтіру 20%-ға, ұрлық 28%-ға, қарақшылық 32%-ға азайған;

- тонау, бұзақылық, мал ұрлығы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері, сондай-ақ басқа да қылмыс түрлері төмендеген;

- құқықбұзушылыққа мүлде төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, заңға қайшы әрекеттер мен қылмыс жасағаны үшін жазаның бұлтартпастығын іске асыру, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары туралы мәлімет берді: Бүгінде 8 миллион 500 мың заңға қайшы әрекет анықталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 миллионға көп. Жасалған құқықбұзушылықтар үшін 90 миллиард теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынып, 71 миллиард теңге өндіріп алынған;


Сонымен қатар, ішкі істер органдарының жұмысын жетілдіру, соның ішінде ІІО қызметкерлерін аттестациядан өткізіп, ведомствоны лайықсыз мамандардан тазарту шаралары туралы баяндады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости