Резервке іріктеу 6 кезеңнен тұрады: құжаттарды қабылдау, мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, ситуациялық тапсырмаларды шешу, құзыреттерді бағалау (ассессмент-орталық және құзыреттілік бойынша сұхбат), сарапшылық комиссиясында әңгімелесу және Ұлттық комиссияның отырысы.
Президенттік жастар кадр резерві – мемлекеттік басқару жүйесіне креативті және бастамашыл жастарды тартуға бағытталған жоба.
Іріктеу қорытындысы бойынша резервке 50 адам қабылданады. Жеңімпаздар ағымдағы жылғы желтоқсан айының соңында жарияланады.