Смайыловтың айтуынша, Қазақстан израильдік технологияларды зерттеуге және оларды агроөнеркәсіп кешенін дамытуға беру үшін тартуға дайын. Суару және су үнемдеу мәселелері де өзекті. Мемлекеттің осы салаға бағыттап отырған қаражатының тиімділігін арттырып, нақты нәтижелерге қол жеткізу жоспарлануда.
Өз кезегінде Михаэль Роэ Қазақстанның ішкі нарық қажеттіліктерін толығымен өтеуге әлеуеті жеткілікті екенін және АӨК-ті дамытудың кешенді тәсілі арқылы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қоса алатынын атап өтті.
Ол Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы саласында израилдік агротехнологиялар мен су ресурстарын басқару әдістерін қолдануға кешенді қолдау көрсетуді ұсынды.
Кездесу қорытындысына сәйкес тәжірибе алмасу және барлық айтылған мәселелер бойынша бірлескен жұмысты жақын арада ұйымдастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.