RSS лента

Қасым-Жомарт Тоқаев қайғырып көңіл айтты...

  • 16.10.2022, 01:06,
  • 379
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатында Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

– Осы орайда Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.

Оставить комментарий
Последние новости