RSS лента

Түркияда жүк көлігі 16 адамды қағып өлтірді (+видео)

  • 21.08.2022, 19:09,
  • 765
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Түркияда жүк көлігінің тежегісі істен шығып, адамдарды қағып өтті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


21 тамыз күні Түркияның Дерик қаласында жүк көлігінің тежегісі жасамай, жанармай құю бекетінің жанында адамдарды қағып кеткен. Оқиға бейнежазбаға жазылып қалған. Алдымен жүйткіген жүк көлігі тоқтап тұрған екі көлікке соғылған. Салдарынан 16 адам қаза тауып, тағы 20-дан астамы жарақат алды.


Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияның Мардин және Газиантеп провинцияларындағы жантүршігерлік жол-көлік апаттарынан көп адамның қаза табуы мен бірқатар азаматтың ауыр жарақат алуына байланысты Президент Реджеп Тайип Ердоғанға көңіл айту жеделхатын жолдады.


– Осындай қиын сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өзімнің атымнан сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына қайғыра көңіл айтамын. Марқұмдардың Алла Тағаланың шапағатына бөленуін, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған Президенттің жеделхатында.


Түркияда жүк көлігі көпшілікті қағып кетіп, 16 адам көз жұмды

Оставить комментарий
Последние новости
         
ЭКОНОМИКА
16.05.2416:03
Доллар продолжает расти  
Все новости