Қазақстан Президенті ҚХР Төрағасына көңіл айтты
- 07.09.2022, 05:43,
- 448
- 0
- Автор:
Әділет ҚАНАТҰЛЫ
Автор фото: әлеуметтік желі
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге жолдаған жеделхатында Қасым-Жомарт Тоқаев Сычуань өлкесінде болған жер сілкінісі салдарынан көптеген азаматтың қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жазды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, барша қазақстандықтардың және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Қытай халқына қайғыра көңіл айтамын. Табиғи апатта жараланғандардың тез арада сауығып кетуін және із-түссіз жоғалғандардың отбасыларына аман-есен оралуын тілеймін, – деп жазылған Президенттің жеделхатында.