RSS лента

Америка мен Қытай соғыстың алдында тұр ма? (+видео)

  • 02.11.2020, 02:35,
  • 863
  • 0
  • Автор:
Автор фото: foreignaffairs.com

Белгілі американдық саясаттанушы Кристофер Лейн АҚШ пен Қытай әскери шиеленістің нақ шегінде тұрғанын айтты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі  Foreign Affairs журналына сілтеме жасай отырып.

 

Оның пікірінше, Пекин мен Вашингтонның бәсекелестігі Ұлыбритания мен Германияның Бірінші дүниежүзілік соғыс алдындағы қақтығысына ұқсайды. Ол кезде Лондон Берлиннің экономикалық және әскери қуаттылығын өзіне төнген қауіп ретінде қабылдаған болатын.

 

«АҚШ Қытаймен соғыстан сытылып шығу үшін Тайван аралына қатысты қытайлық саясатты мойындауы керек еді» деп санайды сарапшы.

 

Бұдан бөлек, Лейн американдықтарды либералды құндылықтардан басқа да көзқарастарды қабылдауға шақырады. Ол Гонконгтегі Пекиннің іс-әрекетіне қатысты Вашингтонның риторикасын өзгертуі де дұрыс деп есептейді.  Бірақ, АҚШ мұндай қадамдарға бармайды деп сенім білдіреді. Себебі, бұл әлемдік көшбасшы ролінен айырылғанды мойындау болар еді.

 

Бұл ретте, екі елдің ядролық қуаты да ештеңеге бөгет бола алмайды. Өйткені, таңдай қақтырар тың технологиялар туып жатыр. Шағын қуатты ядролық жарылғыш заттар «ақырзаманның» алдын алуға мүмкіндік береді.

 

Саясаттанушы мәселенің мүлде басқада екенін атап өтті. АҚШ Шығыс Азиядағы үстемдігінен бейбіт түрде бас тартып, Қытайды өзіне тең держава ретінде көре ала ма? Міне, мәселе осында...

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости