«Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы» бірлесе отырып шетелдегі қазақ диаспораларымен онлайн-кездесу өткізді.
«El.kz» порталының бас редакторы Нұргүл Қалиева шетелдегі қандастарды жұмыла жұмыс істеуге шақырды.
«Отандастар қорымен» бірлесіп жұмыс жүргізудеміз. Бірлескен жобамыздың бірі – ол «El.kz» ақпараттық-танымдық порталынан «Қандастар» парақшасы ашылды. Бұл парақша жалпы, сыртта жүрген қандастарымызға және елге оралған қандастарға арналған. Атап айтқанда, ақпараттық диалог алаңы. Осы орайда байланыс орнатудың жақсы платформасы болады деп сенеміз» дейді ол.