RSS лента

Қазақстандық ғалымдар ерекше кетіргіш ойлап тапты!

  • 26.04.2024, 16:44,
  • 494
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Бүгінге дейін ақаба суын тек ауамен қанықтыру қолға алынып келді. Бұл әдіс көп уақыт алады әрі тиімділігі төмен, себебі ауа құрамында оттегі небәрі 21-22% болса, таза оттегі 100%, демек таза оттегімен қанықтыру бес есеге көп әрі тез болады. Ал, отандық, яғни, қазақстандық ғалымдар «Тазартылған ағынды суды тек өнеркәсіптік сумен жабдықтаудың технологиялық процесінде ғана пайдалану үшін ағынды суды коагулянттар мен флокулянттар көмегімен тазарту» жобасы бойынша зерттеу жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Жобаның жаңалығы – ақаба суды 100% таза оттегімен қанықтыру. Соның нәтижесінде мұнай қалдықтарынан толық тазалауға болады. Атыраулық ғалымдар осы зерттеу барысында дақ кетіргіш жаңа өнімді де шығаруға мүмкіндік алды. Бұл туралы atr.kz мәлім етті. Қауымдастырылған профессор Алтынай Қалауованың айтуынша, балама органикалық флокулянттар тұздан арылту мақсатында пайдаланылып, зертханада ағынды су құрамындағы тұз бірнеше есеге дейін азайтылған.

 

– Тазартылған суды қайта пайдаланбас бұрын санитарлық-гигиеналық талаптарға қатысты белгілі бір сапа деңгейін қамтамасыз ету қажет. Сол үшін дидецилдиметиламмоний хлоридті қолданып, мұнай өнеркәсібінің ақаба суында кездесетін сульфаттарды құрауға бейім бактериялар толық жойылды және бұл препарат неоногенді ББЗ (ПАВ) болғандықтан жаңа өнім дақты кетіру қасиетіне ие болды, – дейді зертхана жетекшісі Маржан Қуанышқызы.

 

Батыс Еуропада өзіндік құны өте арзан болғандықтан кір жуатын гельдерді кәріз суынан жасайды да, кәріз суындағы микробтарды жою мақсатында биоцид ретінде қауіптілігі ІІ классты метилизотиазолинон қосады, ол өте зиянды препарат, ондай гельдерді пайдалану барысында аллергиялық реакция береді. Оқу орын ғалымдары осы тәжірибе негізінде өндірістен шыққан ағынды судан «дақ кетіргіш» жасап шығарды, ол киімдегі дақты жақсы тазартады, құрамындағы амфотерлі ББЗ-ның (ПАВ) көмегімен киім талшықтарына зиян келтірмейді. «Бұл дақ кетіргіш сапасы мен бағасы жағынан шетелдік өнімдермен бәсекеге түсуге қабілетті болады деген сенімдеміз», – дейді ғалымдар.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости