RSS лента

46 мың жылдан кейін тірілді

  • 01.08.2023, 03:49,
  • 744
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Халықаралық ғалымдар тобы Сібірде мұз құрсауында 46 мың жыл жатқан нематод құртын тірілтіп алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Naked Science басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Домалақ құртты бірнеше жыл бұрын Колыма өзенінің сағасынан, 40 метр тереңдікте табылған. Бастапқыда ғалымдар құрттың мұз құрсауында жатқанына 32 мың жыл болды деп есептеген. Алайда жаңа сараптамалар нәтижесінде құрттың 47 769-45 839 жылдар аралағында қата бастағаны анықталды.

 

Ғалымдардың айтуынша, құртты су және органиканы енгізу арқылы тірілткен. Бір айға жуық өмір сүрген құрт тұқым қалдырып та үлгеріпті. Мәлім болғандай бұл жәндіктер партеногенетикалық жолмен көбейе береді екен. Сәйкесінше тек бір ғана құрт қалса да, бұл түр әрі қарай ұрпақ қалдыра алады.

 

Ғалымдар бұл жаңалықтың эволюцияны түсіну үшін маңызды екенін айтады. Себебі жеке түрлердің тірі қалуы өзге де жойылып кеткен түрлерді қалыпқа келтіруде маңызды.


құрт

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости