Олар, тіпті, полицияға да хабар берген. Куәгерлердің айтуынша, жыртқыш аң агрессия таныта қоймаған. Жергілікті аңшылар оны соңынан аңдып, ақыры атып алғаны белгілі болды.
Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Мереке Шалқаров мұны қасқырлардың ұйығу уақытымен байланыстырады. Бұған ауа-райының жылы болуы мүмкіндік туғызып отыр.
"Каспий теңізінің жағасында түз тағылары қазір көбейіп тұр. Олар қаулап өскен қамысқа тығылады. Бұл жер батпақ болғандықтан, техника бара алмайды. Жағдайды бақылау мүмкін емес. Сондықтан тұрғындар абай болғаны жөн. Сондай-ақ, биыл 2 мың қасқыр атуға аңшыларға рұқсат берілген" дейді ол.
Айта кетейік, қасқырдан қауіп төнген жағдайда 28-02-51 телефон нөміріне хабарласу керек.