RSS лента

Кім кінәлі, ит пе, бала ма?

  • 16.02.2023, 16:18,
  • 1 928
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Әділет ҚАНАТҰЛЫ

Соңғы кезде тұрғындар қаңғыбас иттердің көбейіп кеткендігіне алаңдаушылық білдіруде, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселен, кеше, 15 ақпан күні сағат кешкі жеті шамасында Атыраудағы Кеңөзек ауылдық округінен облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімшесіне 2015 жылы туған бала жеткізілді. Оның басы мен аяғы жараланған, жағдайы ауыр. Куәгерлердің айтуынша, баланы ит талаған.


«Бала травматикалық шок жағдайында болғандықтан, бірден жан сақтау және қарқынды терапия бөліміне жатқызылды. Денсаулығы дәрігерлердің бақылауында. Тиісті ем шаралары көрсетілуде» дейді травматология бөлімінің меңгерушісі Сергей Хван.

Осы орайда, қала әкімдігі шұғыл хабарлама таратты.


«Қазір «Атырау қалалық ветеринариялық стансасы» мекемесінің үш бригадасы ит аулаумен айналысуда. Жыл басынан бері мыңнан астам бұралқы ит ауланды. Иесіз ит көрген тұрғындарды 109 операторына хабарласуға кеңес береміз» делінген онда.


Айта кетейік, екі айдың ішінде өңірде итке таланған 32 бала дәрігер көмегіне жүгініп үлгерген. Ал, былтыр барлығы 462 бала тіркеліпті.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости