Ауданы әкімінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аудан басшысы Абат Жанғалиев ардагермен жолығып, әлеуметтің, соның ішінде жас ұрпақтың Туға деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған бұл іс-әрекетіне өз атынан ризашылығын білдірді.
Ту – кез келген мемлекеттің тәуелсіздігі мен тұтастығын айғақтайтын қастерлі дүние. Көк байрақ – қазақтың елдігінің, еркіндігінің көрінісі. Ел намысы таразыға түсер байрақты бәсекелерде, елдігіміз сыналар сындарлы шақтарда күн астында қыран қалықтаған аспан түстес ту тек мереке күндері ғана еске түсетіні жасырын емес.
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңның 4-бап 1-тармағына сәйкес, Мемлекеттік Ту басқа ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін деп бекітілді. Аталған қаулыға сәйкес жеке және заңды тұлғалар туымызды ғимараттар мен салтанатты іс-шаралар өтетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлікті білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана алады.
Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталық басшысы Руслан Хамзаның пікірін білген едік.
– Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков: «Халқыма тек бақыт тілеймін. Білгенімнің бәрін халқымнан үйрендім. Менің еңбегімді бағалаған сол ұлтымның әр азаматы, бала-шағасы, немере-шөбересімен бақытты ғұмыр кешсе екен» деген болатын. Мемлекеттік рәміздерге деген құрмет әр азаматтың өзінен басталады. Оларды ұлықтау, құрмет тұту – бiр тудың астында берекелi күн кешкен жандарға ортақ мiндет, - дейді ол.