RSS лента

Ауыл тұрғындары түнде жалаңаш мыстанды ұстады

Автор фото: istockphoto.com

Үндістанның Одиша штатындағы Ангарпада ауылының тұрғындары сиқыршы мен мыстанды белгісіз рәсім үстінде ұстап алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Тұрғындар түнде мәйіттерді кремациялайтын жерден ер адам мен әйелді байқаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New Indian Express порталына сілтеме жасап хабарлайды. Жалаңаштанған ерлі-зайыпты қара сиқырмен айналысып, ауыл тұрғындарына қарсы рәсім өткізді деген күдікке ілінген. Кейін жұртшылық оларды ұстап, жіппен байлап, жауап алды.

 

Ер адам әйелдің өзінен бақсылықты үйренгісі келгенін айтқан. Ол басқа ауылда тұрса да Ангарпада ата-бабасы кремацияланғасын бірге ілесіп келген екен. Рәсімнің нақты қандай мақсатпен жасалғаны айтылмады.

 

Тұрғындар әйелдің туыстарына телефон соғып, келуін талап еткен. Оқиға туралы полицейлерге сол кезде хабар берілді. Тәртіп сақшылары қолға түскен ерлі-зайыптыға қатысты тергеу бастады.

Оставить комментарий
Последние новости