RSS лента

Қазақстан жолдары жаңа кейіпке енуде

  • 10.11.2023, 18:05,
  • 458
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Қазір Қазақстанда төселіп жатқан заманауи, яғни, қиыршықтасты-мастикалық тасжолдар неміс технологиясының негізінде жасалған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл әдісті неміс ғалымдары өткен ғасырдың 60-жылдары ойлап тапқан. 2009 жылдан бері ол Астана мен Алматы қалаларында сәтті қолданылып келеді.

 

Мұндай жолдардың кепілдік мерзімі – 2 жыл.

 

    – Қиыршықтасты-мастикалық жолдардың сапасы өте жоғары болады. Жазда да, қыста да бірқалыпты тұрады. Еуропалық жол құрылысында осы әдіс қолданылады. Екіншіден, бұл жолдарда көктайғақ кезінде көлік сырғанамайды. Мәселен, әдеттегі тасжолдардың сырғанау ұзындығы 10 метрге дейін барса, ал, жаңа жолдарда небәрі 5 метр. Үшіншіден, бұл жолдар өте мықты келеді, оны сүріп тастау мүмкін емес, - дейді тәжірибелі жолшылардың бірі, мердігер «МКДСМ» мекемесінің учаске басшысы Жайық Айтыбасов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости