RSS лента

Мүмкіндігі шектеулі азамат әкім кеңесшісі болды

  • 26.09.2023, 01:58,
  • 536
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turan Times

Қызылқоға ауданының  мүмкіндігі шектеулі азаматтарының ұсынысымен жергілікті белсенді азамат Райымбек Якупов аудан әкімінің кеңесшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Аудан әкімдігінен білгеніміздей, енді аудан әкімінің мүмкіндігі шектеулі азаматтардың мәселесі бойынша штаттан тыс кеңесшісі қызметін Райымбек Сағидоллаұлы атқаратын болады.

 

«Қоғамда мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы мен әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету – басты мәселенің бірі. Сондықтан мұндай жандар қоғамнан оқшауланып қалмауы тиіс. Бүгінде олардың талап-тілектерін кезек күттірмей шешу мен мәселелерін тыңдау – басты назарда. Яғни, шектеулі мүмкіндікке шектеусіз қолдау көрсету керек. Сондықтан, кеңесшім арқылы аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі оңтайлы шешімін табуға бірлесе жұмыстар жүргізіледі» дейді аудан әкімі Қанат Әзмұханов.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости