RSS лента

Адамның ойына келмейтін іспен айналысады...

  • 24.05.2023, 16:57,
  • 374
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ашық дереккөз

Атырауда газеттен адамның ойына келмейтін бұйымдар жасайтын зейнеткер тұрады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Халима Ахметқызы он жылдан бері қағаздан себет, қорап және бақа да пайдалы бұйымдар жасаумен айналысып келеді. Тіпті, қолөнер абғытында жастар арасында шеберлік сағаттарын да өткізеді екен. Өзі тұрып жатқан кішкене ғана үйі шағын шеберханаға айналыпты.

 

«Бұл өнер әкемнен мұра болып қалды. Бір қуанатыным, жасап жатқан бұйымдарыма сұраныс жоғары. Ал, анамнан тоқымашылық өнері дарыды. Газет қиындыларымен жұмыс жасау аса көп қиындық келтірмейді. Мұнымен теледидар қарап қойып та айналыса беремін. Әйтсе де, соның өзіне де жарты күн уақытым кетеді» дейді шебердің өзі.

 

Айтпақшы, кейіпкеріміз қырық жылын мемлекеттік қызмет саласына арнаған. Зейнетке шыққанына да он жылға жуықтапты.  Енді ол жеке шеберханасын ашып, өзінің білгенін кйінгілерге үйреткісі келеді. Иә, атадан балаға мирас болып келе жатқан төл өнердің отын өшірмей, болашаққа аманаттау – парыз.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости