RSS лента

Қазақстандық радиожүргізушінің сөзі наразылық тудырды

  • 28.03.2022, 03:53,
  • 411
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Қазақстанда «Еуропа плюс Қазақстан» радиосының жаңалықтар бөлімінің жүргізушісінің айтқан сөздерінен кейін кикілжің орын алды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Любовь Панова әлеуметтік желідегі пікірге жауап беріп отырып, Ресей президенті Владимир Путинді елге тәртіп орнату үшін шақыратынын айтқан.


Украинада әскери әрекет бастаған елдің басшысын Панова «Вова ағай» деп атағанын айта кетейік. Ол қазақстандықтарды асыра ұлтшыл деп айыптап, «көп сөйлемеуді» сұраған.


Ал радио жүргізушісінің сөзі мыңдаған қазақстандықтардың наразылығын туғызып, мұндай өрескелдікке жол берген қызметкерді жұмыстан шығаруды талап етті. «Еуропа плюс Қазақстан» басшылығы өз кезегінде  Панованың ұстанымы «радиостанция саясатына еш қатысы жоқ» екенін айтқан.


«Қызметкеріміз Любовь Панованың әлеуметтік желідегі жеке парақшасында айтқан ұстанымы біздің радиостанцияның саясатына еш қатысы жоқ. «Еуропа плюс Қазақстан» ақпараттық саясаты интернационализм, Қазақстанның егемендігі мен гүлденуі секілді мызғымас құндылықтарға негізделген», — делінген компания мәлімдемесінде.


Сондай-ақ олар жүргізушінің көпшілік алдында айтқан сөздерін компанияның тәртіптік комитеті қарайтынына уәде берді.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости