RSS лента

Ақпан – қан тапсыру айы

  • 02.02.2026, 16:35,
  • 44
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Turantimes.kz

Бұл бастама ерікті, өтеусіз донорлық мәдениетін дамытуға, сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік, өзара көмек және гуманизм құндылықтарын нығайтуға бағытталған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қан донорлығы – бұл жай ғана бір реттік акция емес, өмірді құтқаруға, денсаулық сақтау жүйесін қолдауға бағытталған, сондай-ақ ерікті түрде қатысу, жанашырлық пен жауапкершілік сияқты асыл құндылықтарға негізделген тұрақты қоғамдық қозғалыс.

 

Ақпан  айында еліміздің барлық өңірлерінде ақпараттық-түсіндіру шаралары, тақырыптық акциялар, донорлармен және серіктестермен кездесулер ұйымдастырылып, қан орталықтарында арнайы бағдарламалар өткізу жоспарланып отыр. Бұл іс-шараларда жастарды тартуға ерекше көңіл бөлінбек.

 

Осы акция аясында кез келген азамат жақсылық жасауға ниет білдіріп, өз өңіріндегі қан орталығына барып, ерікті түрде қан тапсыра алады.

 

Қазақстанда жыл сайын 180  мыңнан астам азамат донор атанып, олар жалпы алғанда қан мен оның компоненттерін 250 мыңнан астам рет тапсырады.

 

Жыл сайын 80 мыңнан астам пациентке қан компоненттері құйылады, ал жалпы трансфузиялар саны жылына шамамен 400 мыңға жетеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости