Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы Д. алаяқтық, зорлау және жүкті әйелді басқа қылмыстарды жасыру мақсатында аса қатыгездікпен өлтіргені, сондай-ақ ұрлық жасағаны және автокөлікті заңсыз иемденгені үшін кінәлі деп танылған (ҚК-тің 190-бабының 1-бөлігі, 120-бабының 2-бөлігінің 2-тармағы, 99-бабының 2-бөлігінің 4,5,10-тармақтары, 188-бабының 4-бөлігінің 3-тармағы, 200-бабының 1-бөлігі). Бұл туралы біз облыстық соттың баспасөз қызметінен білдік.
Д. өмір бойына бас бостандығынан айырылу жазасына сотталған. Жәбірленушінің пайдасына материалдық және моральдық залал өндірілді. Атырау облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасымен Д. және оның адвокатының апелляциялық шағымдары бойынша қылмыстық іс қайта қаралды.
Сот алқасымен сот үкімін өзгертуге немесе оның күшін жоюға негіздер анықталмады. Осыған байланысты бірінші сотының үкімі өзгеріссіз, апелляциялық шағымдар қанағаттандырусыз қалдырылды.

